Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова өзінің жақын деп санап жүрген адамдарының дос емес екенін түсінгені жайлы айтып, оларға өмірлік сабақ алғаны үшін алғыс білдірді.
Instagram желісінде Мақпалға оқырмандарының бірі: «Тұрмыс құрғаннан кейін араласпай кеткен құрбыларыңыз бар ма?», – деген сұрақ қойды. Мақпал ол сұраққа:
«Мен өзіме жақын көрінген достар деп санайтын адамдар болды, бірақ олар мүлдем дос болмағанын түсіндім . Достық — ол тек қиыншылықта ғана сыналмайды, сізбен бірге кез-келген адам жылап, жанашырлық таныта алады. Бірақ сіздің бақытыңыз үшін шын жүректен қуану және жаныңда болу әркімнің қолынан келе бермейді. Осы тұста кімнің кім екені белгілі болады»,
деп жауап берді.
Сонымен қатар, әнші ештеңеге өкінбейтінін, өміріндегі кездезкен әр адамға, әр «құрбысына» нағыз достықтың мәнін түсіндіргені үшін алғыс білдіретінін айтты.
Ол сондай-ақ оның кімді меңзеп тұрғанын ойдан шығарып алмауларын ескертті.
«Құрметті қыздар, менің кімді меңзегенімді ойдан шығарып алудың қажеті жоқ. Менің шоу-бизнестен тыс өмірім бар және болды, адамдар да болды, сондықтан өсек таратпаңыздар»,
деп қосты Мақпал.
Фото: Instagram/ @makosyai