Динара Сатжан сұқбаты

Динара Сатжан өзінің тәжірибесіндегі ең сәтсіз және сәтті шыққан сұқбаттары жайлы бөлісті.

Тимур Балымбетовке берген сұқбатында сәтті шыққандардың қатарына Amre, Жахан Утарғалиев, Марғұлан Сейсембай, Kalifarniya-мен өткен сұқбаттарын жатқызды. 

Ал, ең сәтсіз, көңілінен шықпаған сұқбат блогер Zheka Fatbally-мен болғанын айтты. 

«Біз оны қинап шақырғандай болдық. Шаршап отырды, сұқбат бергісі келмеді»,

деді Динара. 

Динара Сатжанның ойынша кез-келген жұлдыз жылына бір рет міндетті түрде сұқбат беруі керек. Голливуд жұлдыздарының барлығы дерлік осы ұстанымды ұстайды дейді журналист. 


Фото: Instagram/ @dinarasatzhan

Поделиться: