Динара Бақтыбаева екінші қызы

Қазақстандық актриса Динара Бақтыбаева оқырмандарын екінші қызы Алишамен таныстырып, отбасылық фотосессиядан кадрлармен бөлісті.

«Біздің екінші қызымыз Алишамен таныса отырыңыздар. Бүгін оған төрт ай. Баланың темпераменті туылғаннан бастап байқалады екен. Аяшка тынымсыз еді, алғашқы 40 күн дұрыс ұйықтамадым. Алишкамен, керісінше, перзентханада бос уақытым көп болды. Осы күнге дейін ол бізде өте байсалды. Мен: «Уау, солай бола ма?» деп таң қалдым. Мүмкін өз іс-әрекетіме сенімді болғаным әсер етті ме?»,

деп жазды актриса. 

Сонымен қатар, Динара қызының жетістіктері жайлы бөлісті. Ал оқырмандары қызының Динараға ұқсайтынын жарыса жазуда. 


Фото: Instagram/ @eleukenovvv/ @dika_strai

Поделиться: