
Қазақстандық киноактриса Дина Тасболатова өзінің Instagram-парақшасында өзінің болашақ күйеуін қалай елестететінін айтып берді.
«А.Л.Ж. И. Р» және «Алтын Орда» кинокартиналары бойынша қазақстандық көрерменге танымал 35 жастағы отандық актриса әлеуметтік желіде болашақ жар таңдағанда не нәрсеге назар аударатыны жайлы бөлісті.

«Өзін-өзі қамтамасыз ететін, саналы, жанашыр, өз өмірі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілігі мол, арқа сүйей алатын адам. Жан-жақты, әрине спортқа жақын болуы керек. Спорт шахматтан басқа кез келген нәрсе болуы мүмкін. Әрине, менің тарапымнан да солай»,
деп жауап берді актриса.
Фото: Instagram/ @dina_tasbulatova/ @alexandr_no