Димаш Әділет

Instagram: @dimashadilet

Танымал блогер және танымал бойдақтарға арналған шоудың қатысушысы Димаш Әділет әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Талай арудың жүрегін жаулаған жігіт бақыт туралы ой қозғады.

Димаштан бақыттысың ба деп сұрады бір оқырманы.

«Менің екі қолым және екі аяғым бар, тамақ пен үйім бар, әдемі отбасым бар – ата-анам, бауырым мен сіңілім. Менің денсаулығым жақсы. Бүкіл өмірім алда. Құдай менімен бірге. Бақыт деген осы емес пе? Болашақта бұл бақытқа қосылатын жалғыз нәрсе – керемет әйел мен балалар»,

деді блогер.

Желі қолданушысы Димаштың қорқынышы туралы да сұрақ қойды.

«Мен бұл өмірде ешкімнен және ештеңеден қорықпаймын. Тек Құдайдан қорқамын»,

деп қорытындылады ол.

Instagram: @dimashadilet


Фото: Instagram

Поделиться: