Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша қай жерде оқитыны анықталды.
Әнші «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лос-Анджелестегі New York Film Academy-де «режиссура» мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді. Оның есімі жаңа стипендия иегерлерінің тізімінде пайда болды.
Айта кетейік, New York Film Academy-де қазақстандық режиссер және клипмейкер Айсұлтан Сейітов те оқыды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың үшінші ағымында стипендия тағы 178 қазақстандыққа берілді. Оның ішінде 60 адам магистратураға, 8 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының докторантурасына түсті. «Тағылымдама» бағдарламасы бойынша 110 стипендиат білім алады.
Фото: Instagram/ @kudaibergen.dimash