Димаш Құдайберген

Instagram: @kudaibergenov.dimash

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі орындаушы Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды. Бұл туралы әншінің командасы Instagram желісінде жанкүйерлеріне хабарлады.

14-ші «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығы 10 номинация бойынша дауыс беруді қорытындылады. Қазақстанның халық әртісі және бүкіл әлем бойынша миллиондаған музыкалық жанкүйерлердің сүйіктісі Димаш Құдайберген жыл мәдениетінің қайраткері болып қайта танылды. Димаш осы беделді қоғамдық марапатқа төртінші рет ие болды.

Дәстүр бойынша лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.


Фото: Instagram

Поделиться: