Дильназ Ахмадиева жаңа әнімен оралды: әнші Майскиймен бірге «Если ты рядом» трегін ұсынды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дильназ Ахмадиева тыңдармандарына жаңа музыкалық туындысын тарту етті.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 03 июля 2026, 12:20
Дильназ Ахмадиева
Instagram: @dilnaz_akhmadiyeva

Өнер иесі әнші Майскиймен (Талғат Байғожинов) бірге орындаған «Если ты рядом» атты әнін көпшілікке ұсынды. Бұл шығарма Дильназ Ахмадиеваның шығармашылық жолындағы жаңа кезеңнің бастамасы саналады.

Сахнаға небәрі төрт жасында шыққан әнші қазақстандық эстрадаға «Золотой» және «Может однажды» секілді танымал хиттерді сыйлаған болатын. Енді ол жаңа музыкалық бағыттағы ізденістерін тыңдарман назарына ұсынып отыр.

«Если ты рядом» – Дильназ Ахмадиева мен Майскийдің бірлескен үшінші жұмысы. Өткен жылдың күзінде қос әнші «Актриса» әнін жарыққа шығарып, ол қазақстандық эстрададағы ең көп талқыланған туындылардың біріне айналды. Ал 2026 жылдың басында тыңдарманға «Пам-парам» әнін ұсынған еді.

Жаңа әннің мәтіні бір түннің ішінде дүниеге келген. Әншілердің айтуынша, шығарма жақын жандардың адам өміріндегі орны туралы әңгімеден кейін жазылған. Авторлардың басты мақсаты – «Мен сені сүйемін» деген сөзді қолданбай-ақ, махаббаттың мәнін жеткізу болды.

Сондықтан әнде сүйікті адамның жанында болуға деген ықылас, оның қамқорлығы мен қолдауын бағалау, бірге өткізген сәттердің қадірін сезіну секілді сезімдер нәзік әрі әсерлі жеткізілген.

«Если ты рядом» әні барлық цифрлық музыкалық платформаларда қолжетімді.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше