Күш-қуаттың орнын толтырғысы келетіндерге және өздеріне оң көзқарас қалыптастырғысы келетіндерге арналған мақала.
Біз үнемі кездесуге уақыт бөлуге және қысқа уақыт ішінде мүмкін емес нәрсені жасауға, үлгеруге тырысамыз. Демек, демалыс күндері де біздің миымыз тыныш емес. «To do lists» тұтқынынан бірге шығып, демалуды үйренейік!
Демалысты жоспарла
Жұмыс күні демалыс күндері жасағың келетін бірнеше жұмыстарды жаз. Мүмкін сен керамика бойынша шеберлік сабағына баруды, бағдарламалауды немесе шаңғы тебуді үйренуді көптен армандаған шығарсың. Жаңа жұмысың үшін не қажет екенін, оны қайда жасайтыныңды және өзіңмен бірге кімді шақыратыныңды белгіле. Барлығын өте егжей-тегжейлі суреттеме, онда сен жоспарға тым көп көңіл бөліп, процестен ләззат алмайсың.
Таза ауада көбірек жүр
Жазда пикникке шық, күзде құрғақ жапырақтардың сыбдырын естіп серуенде, қыста шанаға мініп, көктемде көбірек жүр. Таза ауада серуендеу сенің мүшелеріңді оттегімен қанықтырады, жүйке жүйесі мен иммунитетті жақсартады. Егер сен үнемі үйде үй жұмысын жасап немесе қашықтан жұмыс жасасаң, осы кеңесті мұқият қарап шық және демалыс күнін өз бөлмеңде өткізбе.
Digital-detox-қа шық
Біз телефонды алған кезде уақытты қаншалықты тиімсіз өткізетінімізді жиі білмейміз. Әлеуметтік желі, жұмыс және оқу чаттары, достарыңмен хабарлама алмасу, қалай қарсы тұруға болады? Біздің көпшілігіміз смартфонның өмірді қаншалықты ауырлататынын білмейміз. Әлеуметтік желіде көп отыру арқылы біз энергияны ысырап етеміз. Смартфоннан демалу арқылы біз көптеген шаруаларымызды бітірсек болады.
Жаңа эмоциялар ал
Жұмыс күндері бір-бірінен аз ерекшеленеді. Егер демалыс күндерін осындай эмоционалды толқынмен өткізсең, мезі боласың. Қалам, қағаз алып, жаңа эмоциялар алуға көмектесетін істер тізімін жаса. Қарапайым істерден бастай аласың: мысалы, бассейнге бару, қала сыртына немесе үлкен теннис ойнау.
Адамдармен аралас немесе керісінше қарым қатынастан үзіліс жаса
Дұрыс нұсқаны таңдау сенің өмір салтыңа байланысты. Мысалы, егер сен күнделікті өмірде адамдармен көп аралассаң, демалыс күндері демал. Керісінше, сен көп оқысаң немесе компьютерде жұмыс жасасаң, досыңмен кездес немесе шулы кешке бар. Өзіңізді тыңда!
Физикалық белсенділікті қос
Физикалық белсенділік «бақыт гормондарын»: допамин, эндорфин, серотонин және окситоцинді ынталандырады. Сондықтан қозғалу өте маңызды! Бұл ұзақ қашықтыққа серуендеу, достарыңмен батутта секіру, медитациялық йога немесе спортзалға бару болуы мүмкін.
Дүйсенбі туралы ойлама
Демалыс күндері оны мүлдем еске түсірмеу жақсы. Ол үшін жұма күні кешке жұмыс аптасына дайындал. Ия, бұл оңай емес, бірақ жексенбі күні демалатын боласың.
Генералды тазалау туралы ұмыт
Үлкен шаңмен күресудің орнына, жұмыс күндері таңертең үйге 15-20 минут уақыт бөлуге тырыс. Тек берілме және сен осы уақыт ішінде қаншалықты көп нәрсені жасай алатындығыңа көз жеткізесің.
Көп ұйықтама
Апта бойы ұйқы режимін сақтауға тырыс, бірақ егер қосымша күш алғың келсе, түстен кейін өзіңе тыныш сағат ұйымдастыр.
Баяула
Мерзімдер мен міндеттемелер жоқ. Тек баяула. Дабылды қоспа. Шам жағып, ваннада қалағаныңша жат. Кітап оқып, уақытқа қарама. Жоспарларды бұзудан қорықпа және бәрін жасауға тырыспа. Осылайша сен шынымен демаласың.
Фото: Pexels/ Cottonbro studio