
Қазақстандық миллионер блогер Дархан Жолшыбеков ата-анасынав тосын сый жасап, оларға Алматының ортасынан жарқын әрі кең пәтер сыйлады.
Дархан Жолшыбеков пен Дариға Нұркеева жақында гендер-пати өткізген болатын. Енді Дархан ата-анасын қымбат сыйлықпен қуантуға шешім қабылдады.
«Анамның арманын орындадым. Алматының төрінее 80 миллионға пәтер. Барлық жанға жұғысты болсын»,
деп атап өтті Дархан.
Instagram-да түсірілген кадрлар блогерлердің ата-аналарын жаңа үйге әкеліп, көздерін таңғышпен жауып тұрғанын көрсетеді. Дархан жұбайы пәтер таңдап, оған тосын сый жасауға көмектескенін атап өтті. Блогердің анасы көз жасын ұстай алмады.
Фото: Instagram
Поделиться: