Clean girl эстетикасындағы мінсіз 6 нюд маникюр

Егер сен нюд реңкті маникюрды ұнатсаң, жұмысқа немесе оқуға батыл таңдап баруға болатын әдемі реңктердің бірнеше нұсқасын ұсынамыз.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 26 февраля 2026, 13:56
Clean girl  маникюр
Instagram: @by_gelato_factory

Clean girl эстетикасы — ешқандай артық күш жұмсамайтындай көрінсең де, мінсіз күтімді әрі жинақы болу туралы ұғым. Бұл — байқалмайтын бет бояуы, ылғалданған әрі табиғи жылтыр тері, артқа қарай таралып, жеңіл ғана жылтырап тұрған шаш, әшекейдің барынша аз болуы және, әрине, мінсіз нюд маникюр.

Clean girl стиліндегі нюд маникюр — жай ғана ашық қоңыр түсті тырнақ емес. Бұл — теріңнің табиғи реңкімен үйлесетін немесе оны нәзік толықтыратын дәл таңдалған түс. Бұл — мінсіз пішін: сопақша немесе жұмсақ бадам тәрізді. Тым ұзын немесе өткір бұрышты пішіндер жоқ!

Классикалық нюд реңктері көбіне тым қою болып, жасанды немесе жапсырма тырнақ әсерін береді. Ал clean girl эстетикасы керісінше — жартылай мөлдірлік пен жеңілдікті қалайды. Бұл «өз тырнағым, тек одан да әдемі» деген әсер сыйлайды, яғни қолың табиғатынан-ақ мінсіздей көрінеді. Ендеше, жасап көруге тұрарлық нюд нұсқаларын қарастырайық.

Шабдалы түсті маникюр

Нәзік шабдалы реңкі жылы тері түсіне ие қыздарға ерекше жарасады, сондай-ақ образға жылулық қосқысы келетіндерге де тамаша таңдау. Бұл түс өте жұмсақ көрінеді және көктемгі киімдермен керемет үйлеседі. Ең талғампаз әсер үшін шабдалы лакты қысқа әрі ұқыпты тырнақпен үйлестір.

Денеге түсіне жақын маникюр

Clean girl эстетикасындағы мінсіз 6 нюд маникюр
Instagram: @nail_diamant_

Жақында манекен қолындай көрінетін, яғни лак түсі тері реңкімен толық үйлесетін маникюр трендте болды. Алайда дәл сондай мінсіз реңкті табу оңай емес. Сондықтан түрлі лактарды байқап көруге немесе нейл-шеберіңнен өзіңе арнайы мінсіз реңк араластырып беруін сұрауға тура келуі мүмкін.

Сүт түсті маникюр

Clean girl эстетикасындағы мінсіз 6 нюд маникюр
Instagram: @ddowa_nail

Сүт реңкті лак әлдеқашан классикаға айналды. Біреулер оны қалың қабатпен жаққанды ұнатса, енді біреулерге бір жұқа қабат жеткілікті. Өзіңе ұнайтын нұсқаны таңда! Немесе ерекше реңк алу үшін сүт түсін басқа нюд түстермен араластырып көр.

Жылтыр маникюр

Clean girl эстетикасындағы мінсіз 6 нюд маникюр
Instagram: @nail_diamant_

Көбіне нюд маникюр жылтыр болып жасалады. Егер түсі ашық әрі көзге түсе бермесе, онда әдемі жылтырап тұрғаны дұрыс. Ең әсерлі нәтижеге жету үшін тек топ емес, топ пен кептіргіштің үйлесімін қолданған жөн. Немесе гель-лак пайдалан — бұл жүйедегі үстіңгі жабын ерекше жарқырайды.

Ұзын тырнаққа арналған маникюр

Ұзын тырнақтар да нюд реңктермен өте әсерлі көрінеді. Бірақ бір кеңес: бос жиегі мен тырнақ пластинасының арасындағы айырмашылықты сәл жаба алатын лак таңда. Сонда маникюр анағұрлым ұқыпты көрінеді.

«Мысық көзі» эффектісі бар маникюр

Егер табиғи нюд негізіндегі «мысық көзі» эффектісі бар лак тапсаң, құттықтаймыз! Бұл — 2026 жылғы ең сәнді, бірақ көзге түсе бермейтін нюд нұсқаларының бірі. Ең бастысы — магниттің көмегімен әдемі шағылыс жасап, тырнақтарға нәзік құбылмалы жылтыр беру.


Фото: Instagram

Дереккөз: TheGirl

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше