C дәруменіне бай тағамдар
Unsplash: Elena Leya

Сарапшылардың пікірінше, соңғы күндері тұмау 80%- ға өсті. С дәрумені бар тағамдар бұл инфекциядан қорғай алады.

С дәруменінің көп мөлшерін мандарин, апельсин, грейпфрут, киви, құлпынайдан алуға болады. Сондай-ақ, мамандар кумкват сияқты тағамдарды тұтынуды ұсынады. Бұл өсімдіктің тек жеті жемісі С витаминінің күнделікті мөлшерін береді.

Сарымсақ та иммунитетті нығайту үшін пайдалы. Оны пісірілген немесе шикі түрінде жеген дұрыс.

Unsplash: Jocelyn Morales

Йогуртта көптеген пробиотикалық бактериялар бар. Бұл заттар әртүрлі инфекциялардан қорғауда рөл атқаратын ішек денсаулығын сақтайтыны белгілі. Йогурттың максималды пайдасын сен оны шөптермен немесе дәмдеуіштермен бірге тұтынған кезде аласың. 

Зімбір ағзадағы зиянды микробтармен күресетіні белгілі, жөтелге және тамақтың ауырсынуына көмектеседі.

Пияз құрамында антиоксиданттардың көп мөлшері бар және қыста тұтынуға тұрарлық тағамдарға жатады. Оны жұмыртқамен бірге зәйтүн майына пісіріп же.

Балғын жалбыз тамақ ауруын жеңілдетеді деп саналады. Себебі бұл өсімдік ауыздағы жараларды емдейді және иммунитетті күшейтеді.

Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңес. 

Поделиться: