
Жаңа шаш үлгісін таңдағанда, оның көмегімен қандай әсерге қол жеткізгің келетінін түсіну маңызды.
Жұқа шашқа көлем жетіспейтіндер үшін стилисттер Butterfly Cut шаш қиюының талғампаз шешімін тапты. Бастапқыда біз ұзын және орташа ұзындықтағы шаштарда осы трендтің көптеген нұсқаларын көрдік, бірақ бүгінде қысқа шаштардың танымалдылығының артуына байланысты оның жаңа түрлері артып келеді. Біз саған бұл шаш үлгісі неге бәріне сәйкес келетінін айтамыз.
Butterfly Cut шаш қию деген не?
«Көбелек» деген романтикалық атаумен шаш қиюды Эшли Парк және Элизабет Мосс сияқты жұлдыздармен жұмыс істейтін стилист Санни Брук ойлап тапты. 1970-ші жылдардағы шаштың көлемділігімен мен 1990-шы жылдардағы шаштың бірнеше қабаттылығын біріктіретін вирустық тренд 2022 жылы пайда болды.
Бұл шаш қию үлгісі неге саған ұнайды?
Butterfly Cut шашты сәндеуде көп уақытты қажет етпейді. Жоғарғы қабатын шаш кептіргішпен, бұйралағышпен және сәндеумен оңай әрлесең болады. Сонымен қатар, төменгі бөліктің шаштары сенің көңіл-күйіңе байланысты әр түрлі көрінуі мүмкін.
Ақпарат көзі: Byrdie