Бортсерік ұшақтағы ең лас жерді атады
Unsplash: Hanson Lu

Жоқ, бұл дәретхана емес. 

Көптеген жылдар бойы стюардесса болып жұмыс істеген Haus of Darling лақап атымен Reddit қолданушысы борттағы ең лас жерді атады. Оның айтуынша, ұшақта ешқашан дезинфекцияланбайтын орын бар, бірақ оны барлық жолаушылар пайдаланады. Біз алдындағы орындықтың қалтасы туралы айтып отырмыз. Көбісі ол жерге ылғалды майлықтар мен косметикалық сөмкелерден бастап шұлықтарға, қолданылған сағыз, алма қалдықтары және т.б көптеген заттарды салғанды жақсы көреді. Сондықтан, бортсерік көптеген адамдар сияқты ноутбукты немесе смартфонды орындық қалтасына салмауға кеңес береді.

Бортсерік ұшақтағы ең лас жерді атады
Unsplash: shawnanggg

Сонымен қатар, ұшуға дезинфекциялық заттарды алуды ұсынады, әсіресе егер қысқа қашықтыққа ұшсаң. Шындығында, мұндай жағдайларда көбінесе экипаж келесі рейске дейін дұрыс тазалауға үлгермейді. Ең таң қалдыратын лайфхак: стюардесса тамақты тікелей жиналмалы үстелге қоймауға кеңес береді. Түскі ас кезінде сэндвичтің, жалпы тамақтың науада, немесе майлықта тұрғанына көз жеткізген дұрыс, себебі кейбір аналар жиналмалы үстелде нәресте киімін ауыстыратынын түсіндірді бортсерік.

Демалыс маусымы өте жақын, ескере жүр. 


Фото: Unsplash/ Hanson Lu

Поделиться: