
Instagram: @sooyaaa__
BLACKPINK тобындағы Джису ерекше бет бояуын көрсетті.
Әнші жартылай қараңғыда түсірілген суретімен бөлісті, онда көзіндегі бояуындағы жылтырлары айқын жарқырап тұр. Алтын түстес жылтырақтар, тіпті нашар жарықта да байқалып, оның қарапайым макияжын ерекше әсерлі етіп көрсетеді. Бұл — назар аударарлық сұлулық лайфхак.
Мұндай образ жасау үшін саған өте қанық шиммер қажет. Оны түрлі инди-брендтерден немесе қытайлық бьюти-маркілерден табуға болады. Алдымен қабаққа жабысқақ негіз жағып, содан кейін саусақпен көздің ішкі бұрышына жылтыр бояу қабатын жақ. Негізгі көз бояуының түсі жартылай мөлдір немесе нюд реңкті болуы мүмкін.
Румяна ашық әрі қызғылт түсті болғаны жақсы. Маңыздысы — бетің балғын әрі сәнді көрінуі тиіс: мүлде акцентсіз, жалаңаш теріге жылтырлар онша жараспайды. Ерін үшін мөлдір тинт таңдасаң, образға тағы бір әдемілік қосасың.
Фото: Instagram
Дереккөз: TheGirl