Балжан Бидаш
Instagram: bidash_official

Әнші Балжан Бидаш пен актер Жахан Отарғалиев былтыр қыркүйекте ажырасып кеткендерін ресми түрде растаған болатын. Балжан Instagram желісіндегі парақшасында көпшіліктен бұрынғы күйеуі жайлы сөз қозғамауларын сұрады.

«Оның әлеуметтік желідегі жазбасын неге маған жіберіп жатырсыздар? Біз бір-бірімізді әлеуметтік желіде бұғаттадық. Бізге солай жеңіл әрі жақсы. Өтініш, оның айтқанын, жазғанын, әлеуметтік желіге салғанын маған жібермеңіздер»,  

деп жазды Балжан Бидаш.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйек айында жұлдызды жұп ажырасып кеткенін мәлім етті. «Сіздер шындықты білуге лайықтысыздар. Осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан «Рас па, өтірік па» деген ақпаратты «Біз екі жаққа кеттік» деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін», – деп жазған болатын Балжан. 

Ал, Жахан Отарғалиев Балжанды қатты жақсы көргенін және ажырасқаннан кейін күйзеліске түскенін айтты. 


Фото: Instagram

Поделиться: