Наzима бір күн бұрын 34 жасын атап өтті. Ол Instagram-да өзінің бақытты екенін айтып пост жариялады.
Әнші иығы ашық қара көйлек киіп түскен фотосуреттерді жариялады. Леопард пәлте, көлемді сырға және қарапайым бет бояуы сырт келбетіне ерекшелік сыйлады.
«Мен бүгінде өзімді тыныш, қамқорлықта, махаббат құшағында және өте бақытты сезінемін. Барыма шүкір етемін. Биыл менің армандарым орындалады. Жақында бәрін білесіздер. Құттықтауларды қабылдаймын, барлық тілектеріңізді оқимын»,
деп жазды ол.
«Бақытты бол, өрлей бер! Мен махаббат пен күлкі тілеймін», «Мен сіздің тректеріңізді күн сайын тыңдаймын, тіпті жатқа білемін, үйде барлық әндеріңізді айтамын, кейде қосып қойып билеймін», «Уау, сіз бомбасыз», «Менің сұлуым»,
делінген жазылған пікірлерде.
Фото: Instagram
Поделиться: