Осы нәтижемен картина бес апта бойы көш бастап келген «Аватар: От пен күл» фильмінің лидерлігін тоқтатты.
Фильмнің оқиғасы жақын болашақта өрбиді. Сюжетке сәйкес, детектив өз әйелін өлтірді деген айыппен сот алдына тартылады. Оның тағдырын жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін судья шешуі тиіс, деп жазады Variety.
Қаңтар айы бойы прокатта көш бастап тұрған «Аватар» франшизасының үшінші бөлімі осы демалыс күндері 7 миллион доллар жинап, екінші орынға түсті.
Ал халықаралық прокатта Бекмамбетовтың фильмі айтарлықтай табысқа жете қойған жоқ: шетелдік нарықта небәрі 11,6 миллион доллар жинап, әлемдік жиынтық табысы 22,8 миллион долларды құрады. Картина көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары баға алған жоқ. CinemaScore платформасында фильмнің орташа бағасы B-, ал Rotten Tomatoes сайтында небәрі 17% көрсеткішке ие болды.
Фото: Pexels
Дереккөз: Zakon.kz