Ayau жаңа өлең шығарды

«t.s.u» өткен жылдың күзінде «Закрытый клуб» лейблінде дебют жасаған жас орындаушының төртінші синглы болды. Әнді әдеттегідей M’Dee продюсерлік еткен. 

«t.s.u. – махаббат туралы. Мен көбіне мұңды әндер жазамын, бұл жолы ритмикалық ән жазғым келді. Бұл әнде сүйіктісі үшін бәріне дайын ғашық қыз туралы айтылады. Музыкасымен мен және менің продюсерім M’Dee жұмыс жасадық. Мәди екеуміз студияда басқа демкомен жұмыс істеп отырғанбыз, содан кейін ол басқа демо бар ма деп сұрады. Мен «t.s.u» көрсеттім. Оған ұнады және бірден жұмысқа кірісіп кеттік. Менің нұсқам соңғысынан өте ерекшеленеді. Ән алдымен r&b-ге жақын болды, нәтижесінде UK garage дыбысы шықты. Бұл мен үшін жаңа нәрсе»,

дейді Ayau.

Сондай-ақ, бүгін әнге музыкалық бейне шықты, онда басты кейіпкерлер Аyau және оның достары болды. Кадрларда балалар өміріндегі әдеттегі күн бейнеленген.

«Бір күні біз колледжде кешке дейін сөйлесіп отырғанбыз, хабарлама келді. Менің менеджерімнің хабарламасы: «Аяу, сенің достарың клипке қатыса ала ма?». Мен бірден достарыма айттым. Олар қорқып тұрса да, қуана келісті. Достарымның арқасында түсірілім алаңында өте жайлы және көңілді болды. Оларға қолдау мен махаббаттары үшін рахмет»,

деп бөлісті Ayau. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ayau M’Dee және Shiza-мен бірлескен «basqany» атты сингл шығарған болатын.


Фото: пресс-офис

Поделиться: