Instagram: @dilnaz_akhmadiyeva
Ажырасу — бұл кез келген адам үшін ауыр кезең. Ал, жұлдыздарға ерекше қиынға соғады. Себебі, олардың жеке өмірі қалың жұртшылықтың көз алдында және әрбір қадам мен шешім олардың жанкүйерлері мен БАҚ назарында болады.
Бұл мақалада біз отандық жұлдыздардың ажырасуы мен олардың жеке өміріне қатысты кейбір қызықты фактілерге тоқталамыз.
Дильназ Ахмадиева мен Әзілхан Сейітбаев
Дильназ Ахмадиев пен Әзілхан Сейітбаев 2017 жылы кездесіп, 2020 жылы ата-атанды. Өткен жылы cәуір айында ерлі-зайыптылардың ажырасып кеткені белгілі болды.
«Біз 2013 жылдан бері таныс болғанбыз. Мен Х-Фактор жобасында қазылар алқасында болдым. Ол бір топпен қатысуға келді. Біз ажырасып кеттік. Бірақ, ол менің өте жақсы досым. Жақсы араласамыз. Екеуіміз де оқыған, білімді адамдармыз. Бастапқыдан бізде бірінші орында достық болған сияқты. Сосын қалғаны. Кейін қалған нәрсе өтіп, дос болып қалдық»,
деді Дильназ берген сұхбаттарының бірінде.
Ақбота-Нұр Сейітмағанбет пен Дәурен Айдарқұлов
Instagram: @akbotanurabaykyzy
Түсірілім алаңында танысқан Ақбота-Нұр Сейітмағанбет пен Дәурен Айдарқұловтың тұңғышы 2017 жылы өмірге келді. Жұлдызды жұп 2020 жылы ажырасты. Бұл Дәуреннің екінші некесі болатын. Айдарқұловтың бірінші отбасынан — үш, екінші некесінен — екі баласы бар.
Екеуінің екіге кетуіне қызғаныш себеп болса керек.
«Дәурен өте қызғаншақ адам. Исламда әйелді қызғану керек деп айтады. Бірақ жөн-жосықсыз қызғана беруге де болмайды деп ойлаймын. Далаға екі баламен қыдырып келсең де қызғанады, бес минут дүкенде артық жүріп қалсаң да қызғанады, құрбыларыңмен он минут отырып қалсаң да қызғанады. Жалпы көп қызғана беру, себепсіз қызғануды мен ауру деп санаймын. Қызғануға болады, бірақ артық қызғаныш бұл ауру. Мен солай санаймын»,
деді Ақбота отандық бағдарламалардың біріне берген сұхбатында.
Мағжан Тілеухан мен Әсел Сәдуақасова
Instagram: @luinaofficial
Өткен жылдың маусым айында Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеубаев ресми түрде ерлі-зайыпты атанып, «неке қию» рәсімін өткізді. Бір айдан кейін олар үйлену тойларын жасады.
Өткен аптада жұп жеке өмірлерінде болып жатқан жаңалықтармен бөлісті.
«4 қазанда біз ресми түрде ажырастық. Осындай ортақ шешімге келдік. Ешкім ешкімді тастаған жоқ, біз бұл шешімге келгендегі әр қадамды бірге және бірауыздан қабылдадық»,
деп мойындады Әсел.
Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Instagram: @anuar_abdraimov
2023 жылдың қыркүйегінде «КешYOU» тобының бұрынғы солисті Балжан Бидаш күйеуімен ажырасқаны туралы қауесетті растады. Ажырасуларының себебі Жаханның шектеулері мен қатаң талаптары болды: әншінің айтуы бойынша, жұбайы үйде отыруды және бәріне мойынсұнуды талап етті. Олардың некелері үш жылға созылды.
Фото: Instagram