наурызында қанша күн демалады

Pexels: Julia Volk

Көктемнің бірінші айында Қазақстанда екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: 8 наурыз және Наурыз мейрамы. Қазақстандықтар 2025 жылдың наурызында қанша күн демалады?

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні – біз демаламыз:

  • Бес күндік жұмыс аптасында – үш күн қатарынан: 8, 9 және 10 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасында – екі күн қатарынан: 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі).

Наурыздағы демалыс күндері:

  • бес күндік жұмыс аптасында – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасында – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі). 

Жалпы алғанда, наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында сегіз мерекелік күн, алты күндік жұмыс аптасында – алты.


Фото: Pexels

Дереккөз: Zakon.kz

Поделиться: