Ольга Сафронова
Instagram: _oluta_

Жеңіл атлет Ольга Сафронова үш Олимпиада ойындарында қазақстандық команданың салтанатты киімі қандай болғанын көрсетті.

Өзінің жаңа видеосында спортшы 2016, 2020 және 2024 жылдардағы Олимпиадаларда ел атынан қатысқан ұлттық құраманың үш салтанатты формасын көрсетті.

Өкінішке орай, Лондондағы ойындардағы форманы спортшы көрсете алмады.

Ольганың жанкүйерлері жағымды пікірлер жазып, сәттілік тіледі.

«Барлық спортшылардың арманы», «Әдемі», «Жақсы бастама болсын!», «Тек жеңіс» — деп жазды оқырмандары.

Еске сала кетейік, Сафронова бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновпен бірге 26 шілдеде өтетін Олимпиаданың ашылу салтанатында ту ұстаушы болады. Жарыс 11 тамызда аяқталады.

Поделиться: