Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында күміс алды
Unsplash: Louis Hansel

Қазақстан әйелдер құрамасы шахматтан командалық әлем чемпионатында күміс медаль иегерлері атанды.

Финалда қазақстандықтар Грузиялық қарсыластарынан жеңіліп қалды: бірінші финалдық матчта 1,5–2,5, ал екіншісінде — 0,5–3,5.

Қазақстан құрамасынан Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбекова қатысты.

Қоланы АҚШ құрамасын басып озған Франция командасы иеленді. 


Фото: Unsplash

Поделиться: