Қазақстандық ару әлеуметтік желіде оқырмандар санын көбейтемін деп ақшасынан айырылды
Unsplash: Deeksha Pahariya

ШҚО тұрғыны Instagram-да оқырмандар санын өсіремін деп ақшасынан айырылды. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Polisia.kz мәліметінше, әлеуметтік желінің жұлдызы боламын деп алаяқтың арбауына түскен ШҚО-ның 32 жастағы тұрғыны өз аккаунтын танымал ету және парақшасындағы жазылушылар санын көбейту үшін хабарландыру бойынша жүгінген.

«Мен Instagram әлеуметтік желісінің жұлдызы болғым келді, бірақ алаяқтың қармағына түсіп қалдым. «Маман» қызметі үшін 100 мың теңгеден астам қаражат алды, алайда оқырмандар саны артқан жоқ, ал өзі жоғалып кетті»,

деп түсіндірді жәбірленуші. 

Тәртіп сақшылары күдіктіні анықтады, ол көрші облыстың 19 жастағы тұрғыны болып шықты, полицияның мәліметінше, ол бұл әрекетті мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Фото: Pexels

Поделиться: