Дизайнерлер қандай коллекцияларды ұсынғаны жайлы біл.

2023 жылғы 17 маусымда қазақстандық және шетелдік дизайнерлердің modest fashion коллекцияларының көрсетілімдер кеші өтті, ол Kiswah Fashion Shows атауын алды. Орталық Азия аймағында қарапайым киімге қызығушылық танытқандар үшін халықаралық алаң құру мақсатында ұйымдастырылған бұл бірегей іс-шара талғампаз және жарқын өтіп, өнер мен шығармашылықты біртұтас тұтастыққа біріктірді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Ғайникен Бөкенова мен Жанель Бертаеваның айтуынша, соңғы бірнеше жылда көптеген табысты әлемдік брендтер, мысалы, қасиетті Рамазан айын мерекелеуге орайластырылған modest fashion капсулалық топтамаларын жасайды.

Kiswah Fashion Shows әртүрлі дизайнерлерге, сондай-ақ талантты стилисттерге заманауи мұсылман сәніне деген көзқарастарымен бөлісу үшін платформа ұсынды. Көрсетілімдер барысында дәстүрлерді құрметтеудің жалпы тұжырымдамасымен және сонымен бірге модернизациямен біріктірілген көптеген шығармашылық және талғампаз коллекциялар ұсынылды.

ARAPHANOVI

Мысалы, апалы-сіңілі Арапхановалар «жан жапырағы» атты жаңа топтамасын ұсынды. Оған силуэт көйлектер, костюмдер және жеңіл матадан жасалған орамалдар кірді. Сондай-ақ киімдерден бренд үшін ерекше болып саналатын көгілдір кестелі апельсин гүлінің қауызы бейнеленген авторлық көк принттерді байқауға болады. Дизайнерлердің өздері шоу туралы пікір білдіріп, әр қыздың гүл сияқты әдемі екенін және сұлулығымен нұр шашатынын айтты. Гүл жапырақшаларын ашатындықтан, олардың жаны әйел күшінің, нәзіктік пен мейірімділіктің жан-жақтылығында гүлдейді.

HAMU

Сонымен бәрге аталмыш іс-шарада корей бренді HAMU-да ұсынылды. HAMU топтамасы бір-біріне қарама-қайшы болып көрінетін екі ұғымның – дәстүр мен қазіргі заманның, өткен мен болашақтың түйіскен жерінде дүниеге келген. Дизайнер дәстүрлі элементтерді батыл өрнектермен үйлестіруге тырысты, ал оның ыңғайлы, талғампаз дизайны гендерге тәуелсіз және еркіндік пен сұлулыққа ұмтылады.

«Қазақстан Орталық Азиядағы ең дамыған елдердің бірі, сондықтан жергілікті fashion show-ға қатысу маған өте қызықты тәжірибе болып көрінді. Мені мұнда жергілікті дизайнерлер көп болады деген ой қызықтырды, өйткені мен Қазақстанның қарапайым сән әлемімен жақын танысқым келеді»,

дейді Hamu брендінің негізін қалаушы Ли Джин Хи. 

Профессор Лидің айтуынша, HAMU бренді су биі идеясынан туындаған – ол дизайнерлік киімдерде бейнеленген еркін, жеңіл және жігерлі қозғалыс. Ұлттық нақыш және заманауи текстура өткен мен болашақ сәннің арасындағы байланысты көрсетеді.


Фото: Тимур Эпов

Поделиться: