Instagram: @ayreeofficial
Әнші Ayree өзінің туған күнінде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, жуырда екінші рет ана атанатынын жеткізді.
Әйгерім бұл сүйінші хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Туған күніммен, Ayree! Өткен жылға тек алғыс. Аллаға сансыз шүкір. Жаңа жасымды ең керемет сезіммен қарсы алып отырмын. Мені бақытты қылған сүйіктіме рақмет! Ата-анама, жақындарыма және ең бастысы сіздерге, менің сүйікті тыңдармандарым, алғысымды білдіремін. Баршаңызға жұғысты болсын. Ал, балапан, біз сені тағатсыздана күтудеміз»,
деп жазды әнші.
Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Ayree-ді жылы құттықтап, бақыт тілеп жатты.
«Қуаныштымын, аман-есен бауырыңызға алыңыз!», «Туған күніңмен, Ayree! Нұркен екеуіңе баянды бақыт тілеймін», «Жандарым бөліскен бұл керемет жаңалық жүректі қуанышқа толтырды! Бақыттарың баянды болсын!», «Жаңа жасың құтты болсын, жасыңа жас басыңа бас қосыла берсін!Бауырым екеуің бақытты болыңдар», – деген тілектер қалдырды жанкүйерлері.
Фото: Instagram