Актрисаның айтуынша, ол бала кезінен үнді киносына түсуді армандаған. Жылдар өткен соң бұл арманы жүзеге асып, Үндістанда ұлттық сәнді сари киіп қана қоймай, үнді әуенінің ырғағымен би биледі.
Бейнежазбада қазақстандық актрисамен бірге жергілікті бишілер – үндістандық қыз-жігіттер де өнер көрсетеді. Әсел басты кейіпкер және жас бишілермен бірге нағыз болливудтық фильмнің атмосферасын қалыптастыра алған.
Бұл әсерлі әрі жарқын көріністі актрисаның қатысуымен түсірілген Бишарашки в Индии фильмінен көруге болады. Картинаның тұсаукесері 25 маусым күні өтеді.
«Бұл видео үнді киносына деген сүйіспеншілікке толы», –
деп жазды Әсел.
Желі қолданушылары актрисаның өнеріне тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
«Керемет! Биіңіз өте әдемі шыққан», «Тамаша!», «Өзіңіз де, актерлер де кереметсіздер», «Мен де сіз сияқты билегім келеді», «Биіңіз де, экрандағы келбетіңіз де өте жарасымды екен», – деп жазды жанкүйерлер.
Фото: Instagram