Әсел Сағатова үнді сариімен тамсандырды

Отандық актриса Әсел Сағатова Үндістанда түсірілген жарқын суреттерімен елдің жүрегін жаулады.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 25 ноября 2025, 11:08
Әсел Сағатова үнді
Instagram: @asselsagatova/@pro.mandy

«Рэкетир» фильмінің жұлдызы көздің жауын алатын суреттерін әлеуметтік желіде жариялады. Әсел түрлі-түсті, ерекше стильдегі ұлттық үнді киімі – сари киімімен түскен фотолардың өзіне қатты ұнағанын атап өтті.

«Маған Үндістанға қайта оралу керек сияқты. Ол жақта мені күтеді. Қараңыздаршы, бұл қандай әдемі болуы мүмкін. Ертең фотосессияның екінші бөлігін жүктеймін», –

деп жазды актриса.

Әлеуметтік желі қолданушылары мен әріптестері Әселдің жарқын сырт бейнесіне сүйсініп пікір қалдырды.

«Қандай әдемі», «Шынында керемет», «Нағыз үнді қызы сияқтысың», «Не деген әдемі едіңіз!», «Өте жарасымды. Керемет! Үндістан сені шақырып тұрғандай. Әлде киноға түсесің бе?», – деп жазды олар.


Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше