Фото: «Зamandas»

«Зamandas» подкастына қонаққа келген ARO 15 күн қамауға алынғаны жайлы сөз етті.

Жүргізушінің сұрағына ашық жауап берген қазақстандық әнші ARO оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

«Кешке келіншегіммен мейрамхана бардым. Кішкене босағым келді, сыра іштім. Тып-тыныш жұмысында отырған ағамды шақырып алдым. Рөлді сол кісіге бердім. Келіншегімді үйге жеткізіп тастадық»,

деді Арман.

Ары қарай әртіс ағасымен концертке бармақ болған. Алайда, МАИ қызметкерлері тоқтатып, сақтандыру құжатының жоқтығын анықтаған. Оған қоса, рөлдегі адамның сау екендігіне сенбей, зерттеу ортылығына апарыпты.

«Кез келген айыппұлды төлеймін деп айттым. Жасырмай айтайын, 2 млн тенге сұрады. Жаңа көлік болғандықтан ақшасы бар біреу деп ойлауы да мүмкін. Ақша бар, бірақ сенің қолыңа бермеймін деп тұрып алдым. Содан кейін апарып, тексеріп отырғызды»,

деді Арман.

Еске сала кетейік, оқиға 2 желтоқсанда орын алған.

«Тергеу барысында «Тойота» автокөлігінің иесі 1999 жылы туған С. есімді азаматтың өз көлігін басқаруды есірткілік мас күйінде болған адамға тапсырғандығы белгілі болды. Оның әрекеті ҚР ӘҚбК-нің 608-бабы 6-бөлігімен квалификацияланған. Ал жүргізушінің әрекеті — ҚРҚБҚ 608-бабының 1-бөлігі»,

делінген полиция хабарламасында.

Ведомство сот шешімімен екі азамат та әкімшілік қамауға алынғанын хабарлады. Сондай-ақ, жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.


Фото: «Зamandas»

Дереккөз: «kana beisekeyev» YouTube арнасы

Поделиться: