Арнольд Шварценеггер Қазақстан
Shutterstock: Kathy Hutchins

Голливуд жұлдызы және Калифорнияның бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер Фубар телехикаясында басты рөлді сомдады. Сериалда Қазақстан, қазақтар жайлы жиі айтылады.

«FUBAR» (яғни «Fucked up beyond All Repair») сериялының премьерасы 25 мамырда Netflix платформасында өтті. Аңызға айналған Арни ЦРУ агентінің рөлін сомдайды.

Бұл Шварценеггердің алғашқы ірі телебағдарламасы және оның кейіпкері – Люк Бруннер – тыңшы ретінде Астанаға (сериалда Нұр-Сұлтан) барудан сериал басталады. Жолда ол Сүлейман Демирел атындағы университетте әдебиетті оқып жүрген қазақ студенті Анна Фетисовамен кездеседі. Эпизодтардың бірінде олар сэндвич жеген кезде «жергілікті қазақтар шошқа етін жемейді» деп атап өтеді.

Сондай-ақ, «тек шенеуніктер мен олигархтар» ала алатын «Жарқын күлкі» сағызы туралы айтылады. Кейіпкерлер бірнеше рет қазақ тілінде сөйлейді.

Айта кету керек, Арнольд Шварценеггер жақында Netflix-те экшн бойынша директор лауазымына ие. 


Фото:

Поделиться: