Саяхат және бірлескен жобалар үшін қолайлы уақыт.
Бұл аптаны «жұмыс аптасы» деп айтуға болады. Бірақ алаңдамаңыз, көптеген жұмыстар оңай және жеңіл түрде жүреді. Жұлдыз жорамал белгілерінің кейбір өкілдеріне демалуға кеңес беріледі.
Тоқты
Сіздің табандылығыңыз жұмыс тапсырмаларын тоқтата алады. Ымыраға келуді үйреніңіз, содан кейін барлық мәселелер тез шешіледі. Аптада екінші жартысымен жанжал және жақын досыңызбен жағымсыз әңгіме болуы мүмкін.
Торпақ
Сіз күрделі қаржылық мәселені шеше аласыз. Жеке жобаларды іске асыруға көбірек уақыт пайда болады. Отбасында түсінбеушіліктер туындауы мүмкін.
Егіздер
Сізде шығармашылық, тыныш апта болады деп күтілуде. Оқуды бастауға және біліктілікті арттыруға жақсы уақыт. Екінші жартыңызбен арақатынасыңыз жақсы болады, бірақ балалармен қатал болыңыз.
Шаян
26 қыркүйектен 2 қазан аралығындағы апта шаяндар үшін қиын болмақ. Тапсырмаларды орындау мерзімі қысқару үшін, екі есе көп жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан, демалыс күндері үй шаруасымен айналысуды ойламаңыз, бұл уақытты толық демалуға арнаңыз.
Арыстан
Сізде көптеген жұмыс кездесулері болады, тек сіздің артықшылығыңызды көрсетуге деген ұмтылысыңыз бәрін бұзуы мүмкін. Жақын туыстармен қаржылық негізде жанжал туындауы мүмкін.
Бикеш
Осы аптада бикештер жолда көп уақыт өткізбеуі керек, апатқа ұшырау ықтималдығы жоғары. Жаңа жұмыс жобасы пайда болады.
Таразы
Таразылар іссапарларға, кеңседен тыс іскерлік кездесулерге және келесі отбасылық мерекеге қатысты жиындарға барады. Аптаның соңына қарай күш аз болады, сондықтан демалыс күндерін тыныш және жақсы өткізіңіз.
Сарышаян
Сіз соңғы уақытта жұмыс бабымен көп жүгіріп жүрсіз. Үзіліс жасап, демалу уақыты келді. Уайымдамаңыз, сіз өз міндеттеріңізді сәтті тапсыра аласыз, әріптестер де сізді қолдайды. Тек спортты тастамаңыз, денені күшейтіп, дұрыс тамақтаныңыз. Мүмкін шаршау дәрумендердің жетіспеушілігінің нәтижесі шығар.
Мерген
Осы аптада мергендер іскери серіктестермен келіспеушіліктерді шеше алады. Айналаңызда сіздің беделіңізді бұзғысы келетін адам пайда болады. Өткір сөздер мен ашылып сөйлеуден абай болыңыз.
Тауешкі
Барлығын ретке келтіріп, кем дегенде бір басталған істі аяқтайтын кез келді. Үйді реттеумен айналысыңыз, негізгі міндеттерді анықтаңыз және орындау мерзімдерін белгілеңіз. Денсаулығыңызға ерекше назар аударыңыз.
Суқұйғыш
Осы аптада маңызды істерді кейінге қалдырып, отбасыңызға көбірек уақыт бөлген дұрыс. Екінші жартыңызды кездестіру ықтималдығы жоғары. Демалыс пен саяхатты жоспарлау үшін жақсы кезең.
Балықтар
Сіз әліде тынымсыз жұмыс жасап жүрсіз бе? Шұғыл демалыс алыңыз! Сіздің денеңізге демалу қажет. СПА-ға барыңыз, достарыңызбен кездесіңіз, массаж алыңыз. Жұмыс күте тұрады.
Фото: Shutterstock