Аналар ұялмауы керек 5 нәрсе 

Ана болу оңай емес, түсінеміз және қолдаймыз.

Шындығын айтқанда, ана болу,бұл бақыт қана емес, сонымен қатар көптеген қиындықтар: гормоналды өзгерістер, өз денесін ұнатуды тоқтату, біреудің өмірі үшін жауапкершілік пайда болады. Бұл өте қиын, ал басқалар  «жақсы ана» болуды талап еткенде және дұрыс емес нәрсе жасағаныңыз үшін ұятқа қалғанда, бұл одан да қиын болады. Біз сізге аналар қандай нәрселерден ұялмауы керек екенін айтамыз.

Артық салмақ, дене пішінінің өзгеріске ұшырауы

Босанғаннан кейін дене өзгереді: созылу белгілері пайда болуы мүмкін, салмақ қосылуы мүмкін, тері мен кеуде салбырап кетуі мүмкін. Бұл табиғи зат. Сіз бала дүниеге алып келдіңіз, босандыңыз, бұл дене үшін стресс және оны қалпына келтіру үшін уақыт қажет.

Әрине, медиа кеңістікте «Босанғаннан кейін қалай қалыпқа келу керек» немесе «Бала туылғаннан кейін дене пішінді қалай қалпына келтіру керек» деген сияқты материалдар үнемі кездескен кезде өзіңізді қабылдау өте қиын. Осы кезеңде қалай күтім жасау керектігі жайлы аз айтылады.

Венди Блумфилд өзінің «Босанғаннан кейінгі өмір» атты кітабында, босанғаннан кейін денені қалпына келтіру үшін физикалық белсенділік қажет екенін жазады. Бірақ бұл ауыр физикалық белсенділіктен гөрі бұлшықетті күшейтуге бағытталған жеңіл жаттығулары болуы керек. Оның айтуынша, қатаң диеталар тек ана ағзасына және лактацияға зиян тигізуі мүмкін.

Қоғамдық жерде баланың жылауы

Егер бала кенеттен көлікте немесе басқа қоғамдық жерде жылап кетсе — ештеңе етпейді. Ана бұған кінәлі емес. Кішкентай балаларда қарым-қатынас дағдылары әлі дамымаған, сондықтан олар өз қалауларын қалай бар, солай білдіреді. Мүмкін, оның қандай да бір қажеттілігі бар, ол оны қалай білдіруді білмейді (қарны ашты, ыстық болып кетті, шөлдеді,т.б).

Мұндай жағдайларда сарапшылар сабыр сақтауға кеңес береді. Ия, басқалардың айыптауы, жағымсыз ескертулер мен баланы тыныштандыруды сұрап жатқан адамдар ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ сіз балаға көмектесуге тырысыңыз, басқаларға кедергі жасамасын деген мақсатпен тыныштандырсаңыз, жағдай ушығып кетуі мүмкін. 

Аналар ұялмауы керек 5 нәрсе 
Балаға ашулану

Ашулану қалыпты жағдай. Ата-ана болу бұл анда-санда демалуды қажет ететін жұмыс. Егер сіз үнемі балалармен айналысатын болсаңыз және демалуға мүмкіндік бермесеңіз немесе эмоционалды қолдау жеткіліксіз болса, онда ашуланшақтық іште жиналады.

Егер сіз балаға ашулансаңыз, бұл сізді жаман немесе дұрыс емес ана дегенді білдірмейді. Сіз робот емес, тірі адамсыз және сізде сезім бар.

Ашуланшақтық үнемі орын алса және бұл сізге де, балаға да ыңғайсыздық тудыратындығын сезсеңіз, маманның көмегіне жүгінгеніңіз дұрыс болады. 

Жиналмаған пәтер

Балаларыңыз болса, әсіресе кішкентайларыңыз болса, пәтер ұқыпсыз болып көрінуі мүмкін. Әрине, ыдыс жуу және киім жуу қажет. Бірақ бала ойыншықтарды үнемі шашылып тұрады, қағаздарды жыртып, жастықтармен ойнауы да мүмкін және оны әр жарты сағат сайын тазалап отыру үшін күш пен уақыт болмауы да ықтимал.

Бұл жағдайда сіз өзіңізді кінәлі сезінбеуіңіз керек, тек жағдайды қабылдауыңыз керек: сіз қолыңыздан келгеннің бәрін жасайсыз. Енді сізде баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны уақытында тамақтандыру және денсаулығын бақылау басқа да маңызды заттар бар, сондықтан сіздің пәтеріңіз сіз қалағандай таза көрінбеуі қалыпты жағдай.

Баланың «баяу» дамуы

Сіздің балаңызда бірдеңе дұрыс емес сияқты. Ол үш айда өздігінен отыра алмайды, бір жылда ол әлі жүрмеді, тіпті сөйлей де бастаған жоқ! Сіз балаңыздың жетістіктерін басқа балалармен салыстырасыз немесе сіздің балалық шағыңыз туралы әңгімелерге назар аударасыз. 

Мұндай сәттерде әр баланың өзіндік даму қарқыны бар екенін түсіну маңызды. Анна Бакус, Франциядағы балалар психологы, өзінің «Франциядағы тәрбиенің барлық құпиялары. Ата-аналарға арналған кітап» атты кітабында, кез-келген баланың өз гендері бар екенін айтады, сондықтан біреудің ертерек, ал біреудің кеш жүре бастағанына таң қалудың қажеті жоқ. Кішігірім артта қалу немесе алға жылжу ешқандай рөл атқармайды.

Сондықтан алаңдамай, балаларға өз қарқынымен дамуға мүмкіндік берген дұрыс.


Фото: Unsplash/Nathan Dumlao/ Jonathan Borba

Поделиться: