51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін қазақстандық спортшы 1/8 финалда алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы болгариялық Златислава Чуканова болды.
Бірінші раундта қазақстандық спортшы 5:0 есебімен айқын басымдыққа ие болды. Екінші және үшінші раундтарда Алуа қарқынын үдете түсіп, нәтижесінде төрешілер шешімімен (4:1) жеңіске жетті.
Алуа Балқыбекова – екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы және Қазақстан әйелдер құрамасындағы ең техникалық боксшылардың бірі саналады.
World Boxing әуесқой бокс бойынша Әлем кубогы турнирінің алғашқы кезеңі 26 сәуірге дейін жалғасады. Оған 50 елден 400-ден астам боксшы қатысуда.
Фото: Instagram
Дереккөз: Sportarena