Алмас Кішкенбаевтың соты кейінге қалдырылды

от adminPMG
Опубликовано: 30 июля 2025, 11:28

Instagram: @a.kishkenbaev

Отандық танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың Алматыда 3 ақпанда өтуі тиіс соты кейінге шегерілді.

Бұған дейін желіде әртістің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат тараған еді. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. 31 қаңтарда Алматы қаласының Арнайы ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөліміне («Қоғамдық орындарда тәртіп бұзу») сәйкес іс қозғағаны анықталды.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, сот өтті, бірақ іс қаралмады. 

«Сот процесі кейінге қалдырылды, жабық режимде өтуіне байланысты оның себебі беймәлім»,

деп түсіндірді  Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Фото: Instagram

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше