Алмас Кішкенбаев

Instagram: @a.kishkenbaev

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алмас Кішкенбаевты 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды.

Сот процесі жабық түрде өтті.

Алмас Кішкенбаевтың ісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі бойынша қаралды. Алмас мас күйде қоғамдық тыныштық бұзды деп айыпталды. Оның кінәсі айғақтармен дәлелденді, дейді ведомстводағылар.

Айыпталушы оқиғаның қалай болғаны есінде қалмағанын айтқан.

Сот Алмас Кішкенбаевты 15 тәулікке қамау туралы үкім шығарды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Алмас Кішкенбаев жас балаға тиісті деген ақпарат желіде тарады. Әнші курьер арқылы сыраға тапсырыс беріп, 17 жастағы балаға сыраны жеткізгенде бірге ішуге ұсыныс жасап, оған дөрекі қылық көрсеткен.


Фото: Instagram

Дереккөз: «Алматы соттары» телеграм арнасы

Поделиться: