Alem мен Вероника екінші сәбилерін күтуде

Отандық танымал әнші Alem мен оның жары инфлюенсер Вероника отбасын тағы бір сәбимен толықтырмақ.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 24 августа 2026, 11:59
Alem мен Вероника
Фото: Alua Baidarova

Alem мен Вероника әлеуметтік желіде екінші рет ата-ана атанатындарын қуана бөлісті.

«Махаббатымыз еселене түссін», —

деп жазды Батыр мен Вероника.

Жанкүйерлері қуанышты жаңалыққа жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жаудырды.

«Отбасыларыңызды құттықтаймын, әдемі адамдар көп болуы тиіс!», «Ана болу қандай бақыт, қандай керемет! Бұл бақыттың екі еселенетініне қуаныштымын, құттықтаймын!», «Өте әдемі махаббаттың көрінісі! Көз тимесін!», «Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!», — жеп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, Alem мен Вероника алғаш рет 2024 жылдың қыркүйек айында ата-ана атанған болатын. Олардың Тай есімді ұлдары бар.


Фото: Alua Baidarova

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше