Акне туралы 5 негізгі миф

Сүт өнімдері безеуге себеп емес. Кеңінен таралған безеу жайлы мифтер туралы бірге білейік. 

Акне-бұл терінің қабыну ауруы. Ол әртүрлі формада көрінеді—қара нүктелерден үлкен қабынуға дейін. Және бұл интернеттегі тексерілмеген ақпаратпен расталған көптеген мифтерге толы.

Акне тек жасөспірімдерде болады

Безеу жасөспірімдердің ауруы деген миф бар. Шынында да, көбінесе 12 мен 24 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар да көп кездеседі. Дегенмен, қазіргі зерттеулер акненің 18 жастан асқан адамдарда да жиі кездесетінін көрсетеді. Сонымен қатар, ересек кезде әйелдерде безеу еркектер ге  қарағанда жиі пайда болады немесе күшейеді.

Сүт өнімдері акне пайда болуына себеп

Мамандар көбінесе сүтті рационнан алып тастауды ұсынады. Бұл біреуге көмектеседі. Дегенмен, сүт өнімдерінен шектелу арқылы мінсіз теріге қол жеткізе алмаймыз. Деректері бір-біріне қайшы келетін бірнеше зерттеулер бар. Бірінде сиыр сүті безеудің пайда болуына себеп болады делінсе, екіншісінде еш байланысы жоқ екені расталған. Американдық дерматологтар қауымдастығы бүгінгі күні сүт пен безеудің байланысы туралы дәлелденген деректер жоқ екенін айқындады.

Босанғаннан кейін безеулер кетеді

Тіпті дәрігерлер кейде терінің жағдайын жақсарту үшін босану керек дейді. Алайда, мұндай ұсыныстар мүлдем расталмаған. Безеудің пайда болуының негізгі себебі-май безінің генетикалық тұрғыдан дұрыс жұмыс істемеуі, дәлірек айтсақ, рецепторлардың андроген гормондарына сезімталдығының жоғарылауы. Яғни, жүктілік безеудің алдын ала алмайды. Дегенмен, жүктілік-бұл әйел денесіндегі күшті өзгерістер кезеңі, сондықтан терінің осы уақытта қалай әрекет ететінін болжау мүмкін емес. Біреуде безеу шынымен біраз уақытқа кетуі мүмкін, ал кейбіреуінде, керісінше, безеу өршуі мүмкін.

Акнені спирттік ерітінділерімен сүрту керек

Бұл шынымен зиянды кеңес. Мысалы, салицил қышқылының ерітіндісінде шамамен 70 пайыз спирт бар. Бұл ингредиент үнемі қолданған кезде теріні майсыздандырып қана қоймай, оны қорғаныс тосқауылынан айырады. Осыған байланысты тері ылғалды тез жоғалтады және бактерияларды оңай өткізеді, бұл қабыну реакцияларына әкеледі. Сондықтан безеудің жағдайы тек нашарлайды.

Күнге қыздырыну акнеге көмектеседі

Күнге қыздырыну — терінің түсін тегістеп, қызаруды кетіре алады. Дегенмен, күн сәулесі теріні құрғатады. Осыған байланысты май бездері одан да көп себум шығарады, бұл уақыт өте келе бөртпелердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, егер безеуді емдеп, ретинол, салицил қышқылы немесе С дәрумені бар өнімдерді қолдансаң, онда күн теріңе қауіпті. Бұл ингредиенттер теріні ультракүлгін сәулелерге осал етеді. Егер сен олардан қорғанбасаң, терінің қартаюы тездеуі немесе терінің қатерлі ісігінің даму қаупі артуы мүмкін.


Фото: Pexels

Поделиться: