Қырүйек айынды дүкен сөрелерінде пайда болған, таңғажайып тоник, тіпті жегің келіп кететін ерін далабы, хош исті сусабын, және тағы басқа заттар жайлы баяндаймыз. 

Clinique High Impact Lash Amplifying Serum кірпік ұзындығы мен көлеміне арналған түнгі сарысу
косметикалық жаңалықтары

Кірпік өсіретін өнімдер екінші дем алып жатқандай. Бұл өнімді жаққаннан кейін нәтижесін бірден байқауға болады. 

Gucci Brume De Beauté мультифункционалды ылғалдандыратын мист
Айдың 7 косметикалық жаңалықтары

Брендтің парфюмерлік бөтелкелерінің жанкүйерлері үшін жақсы жаңалық. Бірақ хош иістердің жанкүйерлері үшін емес.

Gucci сұйық ерін далабы
косметикалық жаңалықтары

Брендтің ерін косметикасының кең желісінің жалғасы. Бұл жолы түрлі-түсті түстер жоқ, бірақ көптеген күрделі қызыл реңктерді қамтыған. 

Pestle & Mortar Nimbu душқа арналған гельі
Айдың 7 косметикалық жаңалықтары

Жарнамадағыдай көп көбік күтпеңіз, гель құрамында теріні құрғататын белсенді заттардан гөрі, теріні ылғалдандыратын қоректік компоненттер көп. Ерекше хош исін де атап өткен жөн. 

Oribe Hair Alchemy сусабыны
косметикалық жаңалықтары

Сусабынның құрамы биохакерлік смузи рецебіне ұқсайды: чиа тұқымдары, биоферменттелген бамбук жапырағы, гиалурон қышқылы.

Haan рефиллдегі тіс пастасы
косметикалық жаңалықтары

Ең аз күтетін нәрсе-мұндай қаптамада тіс пастасын көру. Мұның бәрі Haan өз жұмысына саналы түрде, ерекше ықыласпен қарауы. Мұндай өнімдерді рефиллде шығаруы өте ұтымды шешім болған тәрізді. 

Көзге және ерінге арналған Rad қарындашы
Айдың 7 косметикалық жаңалықтары

Ерінге де, көзге де қолдануға болатын, жұмсақ, жарқын қарындаш. Бағасы да қолжетімді. 


Фото: бренд веб-сайттары

Поделиться: