Махаббат жұлдыз жорамалы

Сезіміңмен бөлісуге қолайлы, және керісінше сәтсіз кездер жайлы біл.

Жаңа жылды таза парақтан бастау әдетке айналған. Егер махаббат тұрғысында 2022 сәтсіз болса, онда 2023 (тек сенімді болыңыз) жаңа бақытқа кенелуге дайын бол. Біз тек қаңтар айында махаббатта  күтпеген және қуанышты бұрылыстар әсіресе ықтимал болатын күндерді айтамыз. Есте сақтаңыз! 

1 қаңтардан 17 қаңтар аралығында – өткен қарым-қатынасқа оралу үшін ғана қолайлы уақыт. Осы кезеңде жіберілген қателерді түзетіп, бұрын жойылған нәрсеге екінші мүмкіндік беруге тырысуға болады. Бірақ бұл уақытта жаңа қарым-қатынасты бастау өте қолайлы емес, өйткені адамдар арасындағы байланысқа жауап беретін Меркурий планетасы кері бағытта (ретроградид), демек, Меркурий тікелей ашылғаннан кейін, саған деген қызығушылықты жоғалтуы мүмкін (немесе керісінше).

16 қаңтар – жаңа танысу мен қарым-қатынасты бастау үшін қолайсыз. Бұл күні ешкіммен қарым-қатынас орнатпаған дұрыс.

20 қаңтар – кездесулер, жаңа таныстықтар үшін тамаша күн. Бұл күні ғашық болу ықтималдығы жоғары.  Осы күні махаббат отын оңай жағуға болады.

21 қаңтар – танысу қолайлы күн, егер сен жұлдыз жорамал белгілеріне сілтеме жасасаң немесе байыпты қарым-қатынасқа дайын болсаң.

Махаббат жұлдыз жорамалы: 2023 жылдың қаңтарында танысу үшін ең жақсы және ең сәтсіз күндер 

22 қаңтар – күн де жақсы. Кездесуге бара аласың және планеталар қолайлы емес деп қорықпа, бәрі жақсы!

23 қаңтар – танысу үшін, сондай-ақ қаңтардағы жаңа танысу үшін ең жақсы күндердің бірі. Қарым-қатынас міндетті түрде тез дамымайды, бірақ өте ұзақ және сенімді бола алады.

24 қаңтар – бұл күні романтикалық атмосфера күтілуде. Сондықтан егер  екінші жартыңа тосын сый жасағың келсе немесе сыныптасыңа деген сезімдеріңді күтпеген жерден білдіргің келсе, тәуекелге бар.

26 қаңтар – бұл жай ғана қолайлы күн емес, біреумен кездесіп, ғашық болу үшін үлкен мүмкіндік. Бұл күні тіпті ең ұялшақ адамдар да өздерін аша алады, қарама-қарсы жыныстағы адамдар үшін сүйкімді және тартымды бола алады.

27 қаңтар – жақсы күн, бәрі сізге байланысты, ешқандай кедергі жоқ.

28 қаңтар – танысу немесе сол күні бірінші кездесу ұзақ мерзімді махаббат қарым-қатынасының бастапқы нүктесі болуы мүмкін.

30 қаңтар – бұл күні танысу өте оңай болады, көптеген адамдар оңай байланысқа түседі, бірақ қарым-қатынастың ұзақ және сенімді болатынына кепілдік жоқ, дегенмен мұндай мүмкіндік бар.

31 қаңтар – осы күні басталған қарым-қатынастың мүмкіндігі бар, бірақ сен құмарлықсыз жасай алмайсың. Егер жиі туындайтын жанжалды жағдайларға дайын болсаң, онда welcome. 


Фото: Unsplash/ Zane Persaud/ Priscilla Du Preez

Поделиться: