Әйел-патша

Режиссер Джина Принс-Байтвудтың «Әйел-патша» (The Woman King) драмасы өткен демалыс күндері американдық прокатта көш бастап тұр.

Прокаттағы бірінші аптадан кейін картина 19 миллион доллар касса жинады. Сарапшылар төрт есе төмен жиналады деп болжаған. Картинаның бюджеті 50 миллион долларды құрайды.

Фильмнің кассасын болжайтын, Cinemascore шкаласы бойынша көрермендердің сауалнамасы негізінде «Әйел-патша» А+ (қаржылық жетістік) ең жоғары бағасын алды. Осы жылы дәл осы бағаға Том Круз ойнаған «Топ Ган: Мэверик» туындысы ғана  ие болды.

«Әйел-патша» драмасы американдық прокаттың көш басына шықты 

«Әйел-патша» фильмі XIX ғасырдағы Дагомей мемлекетінің екі жауынгері (Қазіргі Бенин мен Африканың батысындағы Того аумағы) туралы баяндайды, олар жауларға қарсы тұру үшін әйелдер тобын жасақтайды. 


Фото: Kinopoisk

Поделиться: