Жаз айында сәннен қалма! 

Микро мини
сән тренді жаз 2023
Diesel Spring Summer 2023

Иә, иә, енді жай ғана мини жеткіліксіз, сондықтан жазға өте қысқа белдемшелер мен шолақ шалбарларды таңдаймыз. Сәнді бейнені жасау үшін нәзік блузкалар, ер адамның жейдесі, кроп-топ керек. Жазда ерекше комбинациялармен тәжірибе жасаудан қорықпа.

Селдір маталар
сән тренді жаз 2023
Dries Van Noten Spring Summer 2023

Бұл селдір киімдерді кроп-топтың, бралардың, зығыр стиліндегі көйлектердің, купальниктің сыртынан киеміз. Егер үйлессе, жалаңаш денеге де кисе болады. Массивті етікпен, спорттық аяқ-киіммен толықтырамыз. Белдемше мен көйлектердің ұзындығы миниден максиге дейін болуы мүмкін.

Макси ұзындығы
сән тренді жаз 2023
Chloé Spring Summer 2023

Бұл тренд талғампаз көріністі ұнататындар үшін маңызды болады. Мұндай көйлек бейнеңдегі жалғыз екпін болсын. Тіпті, аксессуар да қажет емес, ал сөмке мен аяқ киімді көйлек немесе белдемше түсіне сәйкес таңдай аласың. 

Тотал деним
Осы жазда өзекті болатын 5 сән тренді
Courrèges spring summer 2023

Жаңа маусымда осы қалыптасқан трендті қоспаса болмайды. Сонымен қатар, деним түрінің вариацияларына: күрте немесе жейде мен джинсы, белдеме мен джинсы көйлек қосылды. Деним көптеген адамдар жақсы көретін шалбар костюмнің бәсекелесіне айналуы әбден мүмкін. 

Иықтың ашық болуы
Осы жазда өзекті болатын 5 сән тренді
Loewe Spring Summer 2023

Жаздан басқа қашан біз бұл трендтен ләззат аламыз. Ашық иықпен күннің кез келген уақытында шығу орынды — өзіңе сенімді болу үшін дұрыс маталарын таңда: күнделіктіге қарапайым маталар, барқыт мата — сыртқа шығу үшін, нәзік мөлдір — ерекше сәттер үшін және батыл кешке былғары мата. Бейнені мини немесе макси белдемшемен, сондай-ақ джинсымен толықтыр. 


Фото: Spotlight

Поделиться: