Гүлназ Жоланова «сырғалым» атанды

Актриса Гүлназ Жоланова 29 жасында «сырғалым» атанды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Гүлназ Жоланова «Бизнес по-казахски» франшизасы, «Әкім», «Тараз» фильмдері арқылы көрермендерге танылған болатын.

Ол өзінің Instagram желісінде 18 ақпанда өткен сырға салу рәсімінен қысқаша бейнежазба жариялады.

Актрисаның құрбысы Ерке Есмаханда құттықтау сөздерін арнады: 

«Екеуміз жүріп-жүріп, енді бір-бірімізге қабаттасып күйеуге шығып жатырмыз. Кеше Ақтауда Гүлназға да сырға салынды. Бір күнде «сырғалым» болдық. Теңін тапқан құрбыма «бағың ашылсын» деймін. Бақытты үбірлі-шүбірлі болыңдар»,

деп жазды әнші. 

Фото: Instagram/ @zholanova_gulnaz/ @botaeltaeva/ @erke_esmahan

Поделиться: