Танымал Ninety One тобының солисті Азамат Ашмақын шашын қысқартпау себебімен бөлісті. 

Топтың ең әдемі орындаушыларының бірі бүкіл елге өзінің ауруы туралы мәлімдеді. Әнші ұялғанына қарамастан, псориазбен ауыратынын айтты.

«Мен шашымды қысқартқым келеді, бірақ менде псориаз бар, бас терісі ауырады. Бұл ауру зиянды емес, тек тері қабыршықтанады. Сол үшін шашымды қысқартпаймын, өйткені маған ыңғайсыз, ұяламын. Егер жараны тарасаңыз, шаштың түсу қаупі бар, сондықтан шашыма көп тисе бермеймін»,

деп түсіндірді әнші.
Азамат Ашмақын

Өздеріңіз білетіндей, псориаз бұл емделмейтін генетикалық ауру. Оны асқындырмау үшін аз стресс пен дұрыс тамақтану қажет.


Фото: @az.kenzhegulov

Поделиться: