Instagram: @kyliejenner

«Кардашьяндар отбасы» шоуының жаңа сериясында Кайли Дженнер өзінің комплекстары жайлы айтты және олармен қалай күресуге болатыны жайлы бөлісті.

Иә, «Кардашьяндар отбасы» шоуы әлі де жалғасуда (айтпақшы, 2007 жылдан бері) және жаңа сериясында апалы-сіңлілердің бірі Кайли Дженнер өзінің комплекстары туралы ашық айтуды шешті.

Кайлидің 400 миллионға жуық оқырмандары болса да, көпшілігі оны сұлулық символы және әлемдегі ең әдемі қыздардың бірі деп санаса да, ол әрқашан өз жанкүйерлерімен келісе бермейді. Бес жыл бойы Кайлишашын жинамай, тек жайып жүрген, өйткені әпкелері мен анасы оның құлағына күлді.

«Менде олар кішкене қалқайып тұрады және олар мені Ақшақардың гномдарының біріне ұқсайтынымды айтты», — дейді Кайли. Ол әпкелердің жай ғана әзілдегенін және оны ренжіткісі келмейтінін түсінеді, бірақ бұл Кайлидіңең маңызды комплексы болды.

«Сторми дүниеге келгеннен кейін менің өмірімде көптеген махаббат пайда болды, соның ішінде өз құлағыма деген. Сондықтан, егер сіз байқасаңыз, мен қазір қызыл кілемге шыққанда, шашымды жинап жүрмін», — дейді Кайли.

Ақырында, Дженнер комплекстарының болуына қарамастан, ол өзіне сенімсіз деп санамайтынын айтты:«Мен туралы ең үлкен қате түсініктердің бірі мен көптеген операциялар жасаған сенімсіз адаммын. Бірақ мен тіпті пышақтың астына түспедім, тек филер».


Фото: Instagram

Поделиться: