«Замандас» подкастының жүргізушілерінің бірі Ержан Алдабергенов әйелі — актриса Аружан Джазильбековамен қалай танысқанын айтты.
Естеріңе сала кетейік, өткен жылдың ақпан айында Аружан Джазильбековаға Көлсайда үйлену туралы ұсыныс жасаған болатын. Кейінірек актриса күйеуімен неге үйлену тойларының болмағанын түсіндірді. Жақында жарымен жылы фотосуреттер жариялап, жанкүйерлерін елжіретті. Аружан Джазильбекованың күйеуі олардың қалай танысқанын айтып берді.
«Шынымды айтсам, бұл тағдыр. Мен тағдырға сенемін. Екеуміз жиі кездесіп қала беретінбіз — cтадионда немесе тауларда, хоккейде, жай көшеде. Бірақ, мен оған жақындауға, танысуға ешқашан батылым жетпеді. Бір күні ол маған барда өзі келді. Мен ол кезде сол барға иелік ететінмін. Мен оны биге шақырдым. Біз биледік, мен оны құшақтап алған кезде: «Болды, мен сені енді жібермеймін»,
деп айттым деді Ержан.
Фото: Instagram
Поделиться: