
Instagram: @elt6i / @zhanabylov_e
Бүгінде әлеуметтік желілерде белсенді блог жүргізетін отбасылар көбейіп келеді. Олар өз өмірі, ұстанымдары және күнделікті тіршілігі туралы бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленуде.
Қазақстанда да мұндай танымал блогерлер отбасылары бар. Солардың ішінен ең белгілі бесеуін назарларыңа ұсынамыз:
Жанабыловтар отбасы

Instagram: @elt6i / @zhanabylov_e
Жанабыловтар отбасы — бүгінде әлеуметтік желіде танымал, күнделікті өмірін миллиондаған көрермендермен бөлісіп жүрген жарқын отбасы. Олардың блогерлікке келу тарихы — қарапайым отбасылық өмірдің ерекше шынайылығымен және табиғилығымен ерекшеленеді.
Алғаш блог жүргізуді Ерболат пен Эльмира бастаған. Олар өздерінің күнделікті тіршілігін, балалардың қызықты сәттерін және отбасылық мерекелерді видеоға түсіріп, жақын достары мен туыстарына арнап жариялаған. Олардың шынайылығы мен жылулығы көпшіліктің жүрегін жаулап, жазылушылар саны күн сайын арта бастады.
Уақыт өте келе Жанабыловтар контент жасауды жүйелі түрде қолға алды. Соның нәтижесінде Ерболаттың Instagram парақшасында 8,3 млн, ал Эльмирада 7 млн-нан аса оқырманы бар.
Бүгінде Жанабыловтар тек Instagram мен TikTok-та ғана емес, YouTube платформасында да үлкен аудитория жинады.
Ерболат пен Эльмирадан бөлек, Жанабыловтар отбасының басқа да мүшелері Ислам мен Нұрсұлтан да жұбайларымен әлеуметтік желіде белсенді.
Арман Юсупов мен Карина Оксукпаева

Instagram: @oksukpaevak
Арман Юсупов пен Карина Оксукпаева — Қазақстандағы ең танымал блогерлердің бірі. Олар отбасылық өмірі мен шығармашылық жолын үйлестіре отырып, әлеуметтік желілерде үлкен аудитория жинаған.
Жас жұптың таныстығы мектеп кезінен басталған. Олар 9-сыныпта танысып, 11-сыныпта жақын араласа бастаған. Бұл достық кейін махаббатқа ұласып, 2016 жылы олар отбасын құрды. Қазіргі таңда олар үш ұл тәрбиелеп отыр.
Арман мен Карина Yuframe жобасының негізін қалаушылардың бірі. Бұл жоба 2010-жылдардың ортасында пайда болып, қысқа комедиялық видеолар арқылы танымал болды.
Бүгінде олар шынайы отбасылық шынайы контент жасау арқылы көрермендердің жүрегін жаулап алды. Каринаның Instagram парақшасына 5 млн-нан аса адам жазылған. Ал, Арманның оқырман саны – 1,5 млн.
Дархан Жолшыбаев пен Дариға Нұркеева (Daricorn)

Instagram: @darhanzholshybekov / @daricorn.rr
Дархан мен Дариға – отбасылық өмірлерін ашық түрде көрсететін жұптардың бірі. Олардың туған күндер мен мерекелерді ерекше атап өтуі, бір-біріне деген сыйластықтары көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Мысалы, Дархан жұбайының туған күніне 10 млн теңгеге кеш ұйымдастырып, бірнеше рет қымбат автокөліктер сыйлаған.
Дархан кәсіпкер және блогер ретінде танымал. Instagram парақшасында 3 миллионнан астам жазылушысы бар, онда ол кәсіпкерлік, мотивация және жеке өмірі туралы контенттермен бөліседі.
Дариға болса, бастапқыда түрлі әндерге кавер түсіріп, өз блогына жүктейтін болған. Шығармашылыққа жаны жақын ару бірнеше жеке әндерін жарыққа шығарып үлгерді. Ол музыка сұлулық, отбасылық өмір туралы контент жасап, үлкен аудитория жинады. Бүгінде Instagram парақшасында 1,4 млн оқырман бар.
Нұрбек пен Әмина Нұртаза

Instagram: @justking31
Нұрбек (justking31) пен Әмина Нұртаза (aminaxo26) – Қазақстандағы ең танымал блогер жұптардың бірі. Олар Instagram, TikTok және YouTube сияқты әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушыға ие және өздерінің шынайы өмірі мен отбасылық құндылықтарын бөлісіп, көпшіліктің ықыласына бөленген.
Нұрбек пен Әмина үш баланың ата-анасы. Олардың блогын Қазақстаннан бөлек, көршілес елдердің азаматтары да көреді. Блогерлер жылы отбасылық бейнежазбалармен қатар, оқырмандарын үлкен сыйлықтармен қуантып тұрады.
Көптеген желі қолданушылары олардың ара-қатынасының басынан бастап қазіргі күнге дейін куәгері болды.
Бүгінде Нұрбектің оқырман саны 7,5 млн-ға, ал Әминанікі 6,5 млн-ға жетті.
Нұрсұлтан мен Ажар

Instagram: @azharka_mag
Нұрсұлтан Магзунов пен Ажар — Қазақстанда жақсы танылып келе жатқан блогерлер жұбы. Олар әлеуметтік желілерде өздерінің отбасылық өмірлерін, балаларымен өткізген сәттерін және күнделікті тіршіліктері мен демалыстағы кездерін көрсетіп, үлкен аудитория жинаған.
Нұрсұлтан мен Ажардың контенттері көбінесе отбасылық құндылықтарды дәріптейді, шабыт сыйлайды мен тәжірибелерімен бөліседі.
Олар жеке кәсіптерінен бөлек, әлеуметтік желідегі парақшаларын да қолға алған. Бүгінде Нұрсұлтанда 400 мыңнан аса, ал Ажарда 122 мың оқырманы бар.
Фото: Instagram