
Instagram: @elt6i/@zhanabylov_e
Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың тойы желіде кеңінен тарады. Соңғы күндердегі ең көп талқыланған тақырыптардың бірі.
«Жыл тойын бастаймыз. Ерболат менің арманымды орындады. Жалпы барлық қыз-келіншектің арманы ақ көйлек кию емес пе?! Менің арманым да 12 жылдан кейін орындалғанына қуаныштымын»,
деп жазды Эльмира Төлегенова.
Үйлену тойы Алматыдағы танымал қонақүйдің бірінде өткен. Олардың тойларына көбіне жастар мен танымал блогерлер қатысқан. Шараны күйеу жігіттің өзі ұйымдастырыпты. 12 жыл бұрын бас қосқанда той жасауға қаражаттары болмаған блогерлер армандарын орындады. Бүгінде жұлдызды жұп үш ұлдың ата-анасы.
Үйлену тойдағы басты тосынсый – ресейлік әнші МОТ. Сонымен қатар, қазақстандық жұлдыздар Қайрат Нұртас, Ninety one тобы, Қазыбек Құрайыш, Әміре, Тұрар және Мирас Жүгінісов өнер көрсетті.
Алайда, желі қолданушыларының кейбірі үйлену тойында ысырап көп болды деп санайды.
«30 миллионға торт алғанша коттедж алмаймын ба?!», «11 қабаттан тұратын торт жасау – ысырапшылдық», «Одан да жетім балаларды тойдырту керек»
деп жазды көпшілік.
@ayzada.brend #ерболатжанабылов #свадьба ♬ Счастливыми — Саша Санта
Бұл пікірлермен қатар, блогерлердің қуанышына ортақтасып, көздеріне жас алып, бақыт тілегендер де көп болды.
Фото: Instagram