2026 жылдың жазына арналған көйлектер: ең сәнді түрлері

Олардың арасынан өзіңе мінсіз жарасатын үлгіні міндетті түрде табасың.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 12 мая 2026, 13:18
2026 жылдың жазына арналған көйлектер
Instagram: @oliviatps

Жаз мезгіліне де аз уақыт қалды. Демек, биыл қандай көйлектер ерекше сәнде болатынын анықтап алатын кез келді. 2026 жылы түрлі сән мен көңіл-күйге сай бірнеше модель трендке айналмақ. Ендеше, ең өзекті нұсқаларға тоқталайық.

«Әженің жатарда киетін көйлегі» стилі

2026 жылдың жазына арналған көйлектер: ең сәнді нұсқалар
Instagram: @reda.proudly

Иә, дәл солай: бұл жазда сәнқойлар тағы да әжелердің сандығына үңіліп, шабыт іздейді. Әзілді былай қойғанда, трендтегі көйлектер бұрын ұйықтауға киетін жейделерге ұқсайды. Әсіресе тік пішінді, oversize немесе А-силуэт үлгілері сұраныста болады. Ұзындығы әртүрлі: миниден максиге дейін.

Мұнда бастысы — өзіңнің жайлылығың мен қалаған образың. Еденге дейін жететін көйлектер ретро-эстетиканы еске салса, тізеден жоғары нұсқалар нәзік әрі ойнақы көрінеді. Жеңдері де алуан түрлі: фонарик, қысқа, үш ширектік немесе жіңішке әрі кең белдікті модельдер кездеседі.

Түстердің ішінде ақ, сүт түстес, кремді, ашық көк, пудра және лимон реңктері басым.

Ішкиім стиліндегі көйлек

Slip dress немесе комбинация-көйлек жаздың ең ыңғайлы әрі әмбебап таңдауларының бірі болып қала береді. Күндіз оны жалпақ табанды сандалмен, кешке биік өкшелі туфлимен үйлестіруге болады.

Биыл денеге қатты жабыспайтын, силуэт бойымен жеңіл сырғитын немесе сәл еркін пішіндегі модельдер сәнде. Ұзындығы көбіне midi немесе maxi, ал белдіктері жіңішке әрі реттелетін болады.

Декор ретінде кестелі бөлшектер, желбірлер, воландар, бахрома мен сәндік түймелер пайдаланылады. Түстер палитрасы кең: ақ, беж, карамель, сұр, қара, шоколад реңктерімен қатар көк, изумруд, бордо, зәйтүн түстері де сәнде.

Мини-трапеция

2026 жылдың жазына арналған көйлектер: ең сәнді нұсқалар
Instagram:@florettenacer

Мини көйлектер қайтадан сән сахнасына шықты. Оның ішінде ең танымалы — трапеция пішініндегі модельдер. Мінсіз нұсқа — жамбас ортасына дейін жететін ультрақысқа көйлек.

Силуэті төмен қарай айқын кеңеюі немесе жұмсақ трапеция формасында болуы мүмкін. Мұндай көйлектер 1960-жылдар сәніне сілтеме жасап, ностальгиялық көңіл-күй сыйлайды. Бірақ қазіргі үлгілер футуристік элементтермен толықтырылған: жылтыр маталар, ерекше етек және батыл детальдар кең кездеседі.

Маталардан мақта, тығыз поплин, костюмдік мата, деним, жұқа жүн немесе былғары қолайлы. Мойын ойығы дөңгелек, төртбұрышты, V-тәрізді немесе жабық болуы мүмкін.

Boho стиліндегі көйлек

2026 жылдың жазына арналған көйлектер: ең сәнді нұсқалар
Instagram: @oliviatps

Boho стиліндегі көйлектердің пішіні әртүрлі болғанымен, олардың ортақ сипаты — еркіндік пен жеңілдік. Мұндай модельдерде волан, желбір, драпировка мен бахрома мол кездеседі.

Көбіне табиғи реңктердегі маталар немесе гүлді, анималистік принттер пайдаланылады. Ұзындығы миниден максиге дейін өзгеруі мүмкін. Лифі денеге қонымды болғанымен, белдемше бөлігі міндетті түрде кең әрі желбіреген түрде тігіледі.

Маталардан шифон, органза, тюль, жібек, сатин, вискоза, тор, зығыр және аралас мақта кең таралған. Ал декор ретінде металл әшекейлер мен көлемді гүл түріндегі 3D-аппликациялар трендте.

Мұндай көйлектерді дөрекі элементтермен де, романтикалық жеңіл киімдермен де үйлестіруге болады.

Гүлді принттегі көйлек

2026 жылдың жазына арналған көйлектер: ең сәнді нұсқалар
Instagram:@juliesfi

Биылғы ең өзекті өрнек — «әженің гүлдері» стилі. Яғни, сирек орналасқан ірі гүлдер емес, винтаждық ұсақ әрі қанық орнаменттер сәнде.

Мұндай принттер артық декорсыз қарапайым силуэттегі көйлектерде ерекше әдемі көрінеді. Маталардан мақта, шифон, тор, вискоза және жібек жиі қолданылады. Сонымен қатар жұқа трикотаж немесе костюмдік матадан тігілген модельдер де кездеседі.

Түстердің ішінде ақ, сүт түстес, сұр, шоколад, көк, қара және құм түстері, сондай-ақ нәзік қызғылт, лимон, жалбыз, терракот өзекті.

Ал шамадан тыс ашық әрі қанық түстерден сақ болған дұрыс — олар образды тым ала-құла етіп жіберуі мүмкін.


Фото: Instagram

Дереккөз: Grazia

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше