2026 жылдың наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады

Көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамы.

от Арайлым Ақан
Опубликовано: 19 февраля 2026, 12:41
наурыз демалыс
Pexels: James Wheeler

8 наурыз мерекесіне орай демалыс күндері еңбек тәртібіне байланысты төмендегідей белгіленген:

  • Бес күндік жұмыс аптасында – қатарынан үш күн демалыс: 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
  • Алты күндік жұмыс аптасында – қатарынан екі күн демалыс: 8 және 9 наурыз (жексенбі, дүйсенбі).

Наурыз мейрамы

Наурыз мерекесіне байланысты демалыс күндері:

  • Бес күндік жұмыс аптасында – қатарынан бес күн демалыс: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі);
  • Алты күндік жұмыс аптасында – қатарынан төрт күн демалыс: 21, 22, 23 және 24 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі).

Жалпы алғанда, бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар үшін 2026 жылдың наурыз айында 8 мерекелік демалыс күні қарастырылған.


Фото: Pexels

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше