1-мамыр Сарышаян белгісіндегі сезімге толы толған аймен тұспа-тұс келеді. Бұл бізге ішкі жараларды емдеу қажеттігін және өз қорқыныштарымызға қарсы тұру керектігін еске салады. 2 мамырда Меркурий Торпақ белгісіне өтіп, біз бен Ғалам арасындағы байланысты айқынырақ әрі жағымды етеді. Мамырдың алғашқы аптасы — адамдармен қарым-қатынас орнату, мақсат қою және өз-өзіңді сүю кезеңі. 6 мамырда Плутон кері қозғалысқа өтіп, әсіресе тұрақты белгілер үшін күтпеген жағдайлар әкелуі мүмкін.
Тоқты
Көктем қыза түсті — бұл саған үлкен энергия береді. Сен қарқынды сақтап, еңбегіңнің жақын арада жемісін беретініне сенімдісің. Және қателеспейсің. Бұл кезең қалағаныңды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Батыл бол, бастама көтер, түйсігіңе сен. Ғалам саған қолдау көрсетуде: жаңа қызығушылықтар табуға, жетістіктерді нығайтуға көмектеседі. Жалғыздар қызықты адаммен танысуы мүмкін, ал жұптарға романтикалық сапар ұсынылады. Энергияңды дұрыс жұмсап, спортқа да көңіл бөл.
Торпақ
Мамырда күн тәртібің өзгереді: спортқа оралу, дәрігерге қаралу, жаңа хобби пайда болуы мүмкін. Энергияң мол, сондықтан өз жағдайыңды жақсартуға ұмтыласың. 3–17 мамыр аралығы — жақындармен ашық сөйлесуге қолайлы уақыт. Жұмыста келіссөздер сәтті өтуі мүмкін. Қаржы жағынан да жағымды жаңалық — сыйақы немесе табыстың артуы ықтимал.
Егіздер
Идеялар көп, жобалар да жетерлік, бірақ өз жолыңды әлі іздеп жүргендейсің. Мұндайда жаңа бағыттарды зерттеу саған күш береді. Қызығушылығың — басты көмекшің. Шығармашылық қабілетіңді пайдаланып, армандарыңды жүзеге асыр. Венера мен Меркурий сенің талантыңды дамытуға ықпал етеді, ал мамыр ортасына дейін Тоқтыдағы Марс амбицияңды оятады. Махаббатта да бәрі жақсы: жұптарда құштарлық артады.
Шаян
Ай қарқынды өтеді, белсенділік талап етеді. Жақындарың қолдау көрсетеді. 19 мамырдан бастап Венера жағдайды жұмсартып, тыныштық береді. Бұл — өзіңе көңіл бөлетін, ойланатын уақыт. Ай соңында сәттілік қайта оралып, бәрі өз орнына келеді. Жалғыз қалып, демалуға мүмкіндік туындайды.
Арыстан
Жылы күндермен бірге көңіл-күйің де көтеріледі. Мамыр ортасына дейін Марс саған табандылық береді. Жобаларды сәтті аяқтап, тиімді ұсыныстар таба аласың. Жеке өмірде Егіздердегі Венера мен Меркурий құштарлықты күшейтеді. Жұптар үшін — саяхатқа жақсы уақыт. Жалғыздар үшін — жаңа роман басталуы мүмкін.
Бикеш
Ғаламшарлар саған өмірді бақылауға қайта мүмкіндік береді. Меркурий жұмыста келіссөздерді сәтті жүргізуге көмектеседі. 18 мамырдан бастап Марс энергия қосып, белсенді әрекетке итермелейді. Махаббатта қызықты таныстықтар болуы мүмкін. Сен ашық әрі икемді бола түсесің. Венера сезімдеріңді реттеп, жақындармен қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі.
Таразы
Барлығына күмәнмен қарау күшейеді, әсіресе 7 мамырдан кейін. Өзгеріс жасауға деген құлшыныс артады. Жаңа ортаға көшу туралы ой келуі мүмкін. Бұл оңай болмаса да, Егіздердегі планеталар саған қолдау көрсетеді. Қарым-қатынас кеңейіп, жаңа идеялар пайда болады. Ескі әдеттерден арылып, алға сенімді қадам жаса.
Сарышаян
Әрекет ететін уақыт келді. Ұзақ ойланудан кейін жаңа серпін пайда болады. Нені қалайтыныңды анықтап, батыл қадам жаса. Өзгерістерден қорықпа. Жеке өмірде мамыр ортасынан бастап Венера сезімдерді күшейтіп, жақындықты арттырады. Юпитер сенің тартымдылығыңды арттырып, адамдарды өзіңе тартады.
Мерген
Мамырдың 19-ына дейін Марс саған күш-қуат береді. Құштарлық пен ынта артады. Бұл кезеңді жоспар құруға, мақсаттарды анықтауға пайдалан. Дұрыс адамдармен байланыс орнатсаң, үлкен жетістікке жетесің. Венера қарым-қатынасты кеңейтіп, жеке өмірді қызықты етеді.
Тауешкі
Ғаламшарлар саған батыл жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Белсенді бол, идеяларыңмен бөліс. Марс пен Меркурий практикалық шешім табуға ықпал етеді. Байланыстарды кеңейтіп, дағдыларыңды дамыт. Махаббатта батылдық танытып, алғашқы қадам жасауға қолайлы уақыт.
Суқұйғыш
7 мамырда Плутонның кері қозғалысы күтпеген өзгерістер әкелуі мүмкін. Қиындықтар болса да, бұл саған жаңа мақсаттар қоюға көмектеседі. Еркіндікке ұмтылыс пен жауапкершілік арасында тепе-теңдік табасың. Жаңа таныстықтар мен мүмкіндіктер пайда болады. Өміріңде жаңа кезең басталады.
Балықтар
Ойларың айқындалып, нақты не қалайтыныңды түсінесің. Қарқын баяуласа да, бұл стратегияны нақтылауға көмектеседі. Кәсіби салада жаңа мүмкіндіктер бар, тіпті қызмет бағытын өзгертуің мүмкін. Венера қарым-қатынасты жақсартып, жылы кездесулер әкеледі.
Фото: Pexels
Дереккөз: ELLE